Миллиондаған адам зиянын білмей ішіп жүр
Фото: svetlmed.ru
Қазір таксишілердің, жастардың да, ересектердің де, тіпті балалардың да аңсары дүкендерде еркін сатылып жатқан түрлі энергетиктерге ауып тұр.
ШҚО-ның кардиологтары, балалар дәрігерлері ,хирургтер энергетиктерді жастарға, жасөспірімдерге, балаларға бақылаусыз сату ұлтымыздың болашағына зиян тигізетінін айтып, дабыл қағуда. Себебі энергетикалық сусындарды кейде ғана тұтынғанның өзінде инфаркқа әкелуі, ұрпақсыз қалдыруы, асқазан жарасына, тағы да басқа ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қазақстанда энергетикалық сусындар еркін сату айналымында, яғни алкогольсіз энергетикалық сусындарды сатуға ешқандай шектеулер көзделмеген. Тұтынушы осы сусындардың кімге және қандай мөлшерде, ал кімге мүлдем болмайтындығы туралы нақты көрсетілген таңбамен ғана қорғалған. Кеден одағының 022/2011 «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес адам организміне сергітетін әсерді қамтамасыз ететін құрамында 150 мг/л-ден астам кофеин және (немесе) дәрілік өсімдіктер мен олардың сығындылары жеткілікті мөлшерде бар алкогольсіз сусындар «18 жасқа дейінгі, жүктілік және бала емізу кезінде, сондай-ақ жоғары жүйке қозғыштығы, артериялық гипертензияның ұйқысыздығы бар адамдарды тұтыну ұсынылмайды» деген жазумен таңбалануға тиіс.
Қанат Турдиев, ШҚО санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Медицина ғылымдарының кандидаты:
Сондай-ақ энергетиктерді көп пайдалану тахикардия, гипертония, жүрек ырғағының бұзылуы, асқазан жарасы, қышқылдықтың жоғарылауы, гастрит, панкреатит, бауырдың майлы дистрофиясы, гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, көмірсулар алмасуының бұзылуы, қант диабеті, семіздік, аллергиялық реакциялар, психикалық бұзылулар, агрессия, тітіркену және т.б. сияқты ауруларды да тудырады екен.
Аурулардың алдын алу және халықтың өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз ету мақсатында тәтті газдалған және энергетикалық сусындар күнделікті рационнан алып тастауға тырысыңыз немесе оларды сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес қатаң тұтынуды ұсынамыз.
Жанаргүл Мұқатай