Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруда оң әсерін тигізеді – Анар Ахметқалиева

Анар Ахметқалиева, Алтай ауданы Жастар ресурстық орталығы директорының м.а.:
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әрбір тұрғыны үшін маңызды құжатқа – "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңына қол қойды. Оны іске асыру әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді, өйткені алынған активтер біздің мемлекетіміздің игілігі үшін қолданылатын болады. Ал қаражат әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға оң әсерін тигізері сөзсіз. Бұл ретте активтерді адал сатып алушылар зардап шекпеуі маңызды, Мемлекет басшысы қол қойған заңда оларды қорғау тетіктері қарастырылған.