KZ
Өскемен
-1°
снег жел 4 м/с, ОБ
499.65 582.89 6.47

«Светлый путь» бағдарламасының іске қосылуы туралы ақпарат – фейк

Бүгін, 13:30 44 Ержан Әбіш

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған «Светлый путь» бағдарламасы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгісіз адамдар deepfake технологиясын қолданып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инфлюенсерлермен бірлесіп «Светлый путь» бағдарламасын іске қосты деген жалған мәлімет берілген бейнеролик жариялауда. Онда бұл бағдарлама азаматтарға пайда табуға және олардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді деп көрсетілген.

Deepfake технологиясы жасанды интеллект көмегімен фото-, аудио- немесе бейнематериалда бір адамның бет-бейнесін екінші адамның түріне ауыстырып, синтетикалық контент жасауға мүмкіндік береді.

"Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, тексерілмеген дереккөздерден келген бейне және аудиожазбаларға сенбеуіңізді, оларды таратпауыңызды, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз. Бұл – жеке деректеріңіздің алаяқтардың қолына түсу қаупін болдырмау үшін маңызды", - делінген министрлік хабарламасында.

Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу