KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Самарлықтар Сарыбел ауылының 65 жылдығын тойлады

5.07.2023, 14:18 339 ALTAINEWS

Биыл Самар ауданына қарасты Сарыбел ауылына 65 жыл толды. Ауыл азаматтары туған жерлерінің мерейтойын дүркіретіп атап өтті.

Сарыбел ауылында ас беріліп, түрлі спорттық жарыстар мен  аламан ат бәйгесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, ауыл 2011 жылға дейін Ново-Тимофеевка деп аталып келген. Бұқтырма су қоймасын жағалай орналасқан елді мекенде дәл қазір 150-ден астам түтін бар.

Бір кездері аядай ғана ауылдан арман қуып алысқа кеткен ұландары туған жерінің төріне қайта оралды. Жай оралған жоқ. Елдіктің, бірліктің жалауын асыл мұра қылып, ауылдың төріне қазық қылып қақты. Ұлы тойды еңбектеген баладан еңкейген қарияларына дейін тойлап жатты. Жүздерінде күлкі, алыс-жақыннан сағынышпен қауышқан ауылдастар арқа-жарқа болып қалды.

Салтанатты жиынға аудан әкімі де қатысып, серыбелдіктерді мерейтойларымен құттықтады. Ақжаулықты әжелеріміз шашу шашып, тойдың мерейін асырды. Өнерпаздар ақын Фархат Маратұлының ауылға арнаған «Сарыбел» әнін шырқады.

Айта кету керек, мерейтойға орай түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

– Ауылымыздың жан-жақта жүрген азаматтары туған жерімізге қайта оралды. Балалық шағымыздың естелігі қалған ауылымызға биыл 65 жыл толыпты. Осыған орай ауыл азаматтары ауызбіршілік танытып, өз күштерімен мерейтойын жасап жатыр. Барлығы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Туған өлкеміздің түтіні түзу ұшса, біз үшін бұдан артық бақыт жоқ. Ауылдастарыма алғысымыз шексіз, – дейді ауыл тумасы Төлеген Әшімұлы.

Ауыл азаматтары берекесінің арқасында кіреберістегі аркадан бастап ауыл ішінің көптеген жұмыстарын демеушілер істеп беріпті. Игі іске бұрын осында білім алған басқа ауылдың жанашыр азаматтары да атсалысқан. Бүгінгі тойдың да ұйымдасуы осы береке-бірліктің арқасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив