KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Сарыбелге демалуға келгендер қоқысты шашып кетеді

19.09.2020, 06:19 115

Көкпекті ауданы Сарыбел ауылының тұрғындары демалушылардың ұдайы қоқыс шашып кете беретіндігіне наразы.

Сарыбелдіктер бұл туралы аудан әкімі Серікқазы Садуақасовсқа жеткізіп, мәселенің бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқандығын алға тартты. Ауылдарды аралап, тұрғындармен кездескен аудан басшысы бірқатар мәселені назарға алды.

Сарыбел ауылынан хабарласқан тұрақты оқырмандарымыздың сөзінше, Ертіс өзені жағалауындағы қоқыс мәселесі ғана емес, тұрғындардан тыныштық кеткелі бірнеше жылдың жүзі болды.

- Отағасы екеуіміз зейнет жасындамыз. Жаз айларында үлкен ұлымыз немеремізді әкеліп, тамыз айына дейін ауылда жүреді. Кеш қарая жақын маңда демалып жатқандар музыканы бар даусына қойып, барша тұрғындардың берекесін алады. Мұны бір емес, талай рет байқадық. Немерем де түнде жиі оянып, ұйқысы шайдай ашылып кеткенін сан рет айтты. Тым құрығанда, жағалауда тәртіп қадағалайтын адам да жоқ, - дейді ауыл тұрғыны Айгүл Маратова.

Тұрғынның сөзінше, демалушылар қоқысты ауыл ішімен өтіп бара жатып, шашып кететін көрінеді. Осы және өзге де тұрғындардың айтқан мәселелерінен хабардар болған аудан басшысы жуықта ауылға тағы бір мәрте келгенде бұл сұрақ жан-жақты талқыға салынатындығын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу