Тарбағатайда тағы 3 медициналық пункт бой көтереді
Биыл Тарбағатай ауданына қарасты үш ауылда медициналық пункт бой көтермек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Ауылдық медицинаны қайта жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Байтоғас, Асусай және Жамбыл ауылдарында жаңа нысанның құрылысы басталып кеткен.
- Былтыр 6 ауылда медицналық пункт пайдалануға берілген болатын. Биыл 3 ауылда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жоспар бойынша жыл соңына дейін ел игілігіне берілуі тиіс, - деді Тарбағатай аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Серік Советұлы.
Оқи отырыңыз