KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Шығыстағы бір ауылдың тұрғындары шұңқырды өз ақшасына жөндеді

Фото: egemen.kz

26.10.2023, 15:32 550

28 қыркүйекте Самар ауданының әкімі Нұрлан Махамбетовке Altaynews сайтының журналисі жол жөндеу туралы сұрай қойған. Редакцияға аудандағы Көкжыра ауылында биыл кіреберіс 3 шақырым жол жөнделгені, оған халық өз қаражатын жұмсағаны туралы ақпарат түскен. 
Аудан әкімдігі осы сұраққа ресми жауап жіберіп, тұрғындар өз ақшасына шұңқырларды жөндегенін растады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— Бүгінгі күні халықтың күшімен шұңқырларды уақытша жамау жұмысы жүргізілді. Ұзындығы 3 шақырым болатын аудандық маңызы бар "Көкжыра ауылына кіреберіс" жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның алдын ала құны — 102 млн теңге. Бұл жоба ведомстволық сараптамадан өтеді. Ведомстволық сараптаманың оң бағасын алғаннан кейін ҚР СТ сәйкес жұмыстардың орындалу барысын бақылаймыз, — деп жазылған аудан әкімдігінің жауабында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу