KZ
Өскемен
небольшой снег Штиль
494.87 520.65 4.91

Өскеменде өз аумағын тазартпаған 135 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

23.12.2022, 12:13 473 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында көшелер мен бизнес нысандарының алдын қар құрсауынан босату жұмыстары жалғасуда.

Жалпы Өскемен қаласында 40 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, әрбір бизнес нысандары өз аумақтарын тазарту керек. Десе де, ережелерді бұзған кәсіп иелері де бар. Мәселен, 135 кәсіпкер өз аумағын тазартпағаны үшін жауапкершілкке тартылған.

- Өткен аптада қалада толассыз жауған қардың қалыңдығы жарты метрден асып кеткен болатын. Қазір полиция өкілдерімен бірлесіп, қар тазаланбаған бизнес субъектілерін тексерік. Көбінесе кәсіпкерлер автотұрақ пен ауладағы қарды тек жинап қойып, шығармайды. Егер аумақ тазаланбаған жағдайда, бизнес иесіне айыппұл салынатынын ескертеміз. Бұл жұмыстары міндетті түрде орындалуы керек. Кәсіпкерлерді қар шығару бойынша мердігерлік ұйымдармен шарт жасауға шақырамыз, - дейді Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гасан Тұрғанбаев.

Естеріңізге сала кетейік, абаттандыру саласындағы нормалар мен ережелерді бұзғандар үшін ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға – 20 АЕК, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-30-дан 100 АЕК-ке дейін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу