KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
501.49 525.71 5.77

Өскемен: 848 мың гүл – 76,3 миллион теңге

15.03.2023, 17:05 471 Оразай Жеңісұлы

Қала көшелерін көгалдандыру аясында биыл 848 мың гүл отырғызылады.

Бұл жұмысқа 76,3 миллион теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, көшелер мен жолдарды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарына ашық конкурс өткізілген. Конкурс жеңімпазы – «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, 2023 жылы қала көшелеріне 848 032 өсімдік отырғызылады. Өсімдіктерді сатып алуға бөлінген қаражат – 76 322 880 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу