Жобалар осы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс - Күршім
Күршімде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданда жүзеге асырылып жатқан шекаралық аймақтарды дамытудың кешенді жоспарының орындалу барысы бойынша арнайы кеңес өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиында осы жылға жоспарланған жобалардың жүзеге асырылуы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салалары бойынша бөлім басшылары есеп берді.
Аудан әкімі Дулат Қажановтың айтуынша аймақтың дамуына жаңа серпін берген кешенді жоспар аясында Күршім және Марқакөл өңірлерінде жолдар, білім және мәдениет ошақтары жөндеуден өткізіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді, бірқатар ірі жобалар осы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
"Осыған сәйке орынбасарларым мен бөлім басшыларына жоспар аясында атқарылып жатқан жұмыстарға бақылауды күшейтіп, тиісті тапсырма бердім",-деді аудан басшысы.