KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Балалар үйлеріне «бұлтты бейнебақылау» қосылады - ШҚО

23.09.2020, 04:04 117

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында айтылған балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейтуге байланысты тапсырмаларын орындау аясында облыс прокуратурасы балалар үйлері мен интернаттарда бұлтты жазбаларды сақтайтын бейнебақылау жүйесін енгізуге бастама көтерді.

Аталған іс-шаралар балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп іске асырылуда. Бұл бейнежазбаларды нақты уақытта көруге және оларды жою немесе өзгерту мүмкіндігінсіз 90 күнге дейін серверде сақтауға мүмкіндік береді.

Барлық келіп түскен ақпарат бұлтта Интернет желісінсіз сақталады, бұл ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай және деректердің таралып кетуіне кедергі келтіреді.
Бұл ретте жазбаларды қарауға тек балалар мекемесінің басшылығында ғана емес, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының (балалар орталығы аталған ұйымның қарамағында) және облыс прокуратурасының қызметкерлерінде шектеулі қолжетімділік бар.

Бүгінгі күнде жаңа жүйе Аягөз қаласындағы балалар орталығына қосылған. Ол үшін ғимаратта және аумақта бейнекамералармен қамтылмаған орындар анықталып, қосымша 17 бейнекамера орнатылды. Барлығы 62 камера жаңа қызметке қосылды.
Жақын арада бұлтты бейнебақылау облыстың тағы екі балалар мекемелерінде – Семей қаласының интернатында және Өскемен қаласының балалар үйінде орнатылмақ. Сонымен қатар барлық мекемелерде прокурорлар мен полицияның ұтқыр бекеттері құрылды. Мұның бәрі бақылауды күшейтуге және балалар үйі тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу