Ресей шетелдік студенттер үшін шекарасын ашады
Ресейдің жоғары оқу орнының бірінші курсына түскен шетелдіктер қырқүйектен бастап, елге кіре алады. Бұл туралы РФ ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков айтты, - деп РИА Новости агенттігі хабарлайды.
"Біз қыркүйекте бірінші курс студенттеріне мүмкіндік бергелі отырмыз... Олар Ресей Федерациясына белгіленген алгоритм бойынша келе алады. Бұл тек шекарасы ашылған мемлекеттерге қатысты", - деді Фальков "Единая Россия" фракциясы президиумының отырысында.
Министр көптеген шетел азаматының, оның ішінде студенттердің ірі қалаларға келуі коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне ықпал еткенін атап өтті.
Оқи отырыңыз