Жастар ортасындағы мәдениетаралық сындарлы диалог: Шығыста семинар-тренинг өтті (Видео)
Облыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Жастар ортасындағы мәдениетаралық сындарлы диалог» атты семинар-тренинг өтті. Қазақстанда келісім мен бейбітшілікті нығайту, ортақ мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға өңірдің студенттері, DIGITAL SOCIAL RESEARCH халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
DIGITAL SOCIAL RESEARCH халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Аубакирова жастар арасындағы мәдениетаралық диалогты дамыту қажеттілігіне тоқталды.
Студенттер бұл бастаманы қолдайтындарын жеткізді.
Семинар барысында тарих ғылымдарының докторы Александр Алексеенко, Нелли Краснобаева, Элеонора Столярова жастарға Ассамблеяның маңыздылығы, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілік жайында айтып берді. Шара соңында студенттер «Тиімді әлеуметтік бақылау – жанжалдарды сындарлы шешу тетігі» атты тренингке қатысып, алған білімдерін бекіте түсті.
Айна Ескенқызы
Фото: Аяужан Утеулинова
Видео: Даниил Суворов