KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
506.43 522.43 5.28

Қазақстанда карантин ережелері бекітілуі мүмкін

7.09.2020, 12:04 34

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті карантин мен шектеулерді енгізу ережелерін және шектеулер енгізілетін аурулардың тізбесін бекітуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрық жобасы жарияланған.

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары:

инфекциялық аурулардың шетелден Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну қаупі кезінде;

республикада, Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында және объектілерінде инфекциялық аурулар жағдайлары туындаған кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу