KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Храпуновтардың ісі бойынша АҚШ сотының шешімі шықты

7.09.2020, 05:41 143

Нью-Йорк сотының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі «Flatotel» ісі бойынша шешімі шықты. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
2020 жылғы 3 қыркүйекте Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды.

Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемені бұзған, дәлелдемелерді әдейі жойған және кейбір дәлелдемелердің өз қолдарында жоқтығы туралы жалған жауап берген деген қорытындыға келді, - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ сот Храпуновтардың осы іс бойынша кейбір сот қаулыларын, соның ішінде Ильяс Храпуновтың құпия айғақтарды рұқсатсыз таратуға салынған тыйымды бұзғандығын анықтады.

Осы жылы 3 қыркүйектегі шешім соттардың Храпуновтар мен Әблязовқа қатысты құқыққа қайшы мінез-құлқы және сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар тағайындау туралы үстіміздегі жылғы мамыр айында және 2019 жылғы шілде айында шығарылған қаулылары қатарының жалғасы болып табылады. Бұл - қатарынан санағанда бесінші шешім, - делінген хабарламада.

Айыппұлдың нақты мөлшері талапкерлердің өздері жұмсаған сот шығындарының сомасын сотқа ұсынғаннан кейін белгіленеді.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (Алматы қ. әкімдігінің атынан) «БТА Банк» АҚ-мен бірлесіп, төрт жылдан астам уақыт бұрын Әблязовты, Храпуновтарды және олардың қылмыстық сыбайластарын ҚР-дан ұрланған ақшаны АҚШ-қа жылыстатты деген айыппен Нью-Йорктағы «Flatotel» сот қарауына бастамашылық жасаған. Әблязов жалған несиелер беру арқылы БТА-дан миллиардтаған доллар ұрлаған. Ол үшін Әблязов Қазақстанда сотталып, Біріккен Корольдік соттарында кінәлі деп танылған. АҚШ-тағы сот қараулары барысында талапкерлер Аблязовтың қылмыстарын растайтын қосымша елеулі дәлелдемелерді жинады, сондай-ақ осы қылмыстардың жасалуын өз көзімен көрген көптеген куәның жауаптарын қамтамасыз етті, - деп жазды министрлік.
Талапкерлер ұсынылып жатқан дәлелдемелерге соттың жіті қарауын жоғары бағалайды. Әблязов, Храпуновтар және олардың сыбайластары сот процесінде адал ниетпен қатысудан бірнеше рет бас тартып, көптеген сот қаулысын бұзған. Дәлелдемелердің бір бөлігін қасақана жойғандықтарына қарамастан, олардың жасалған қылмыстарға қатыстылығын растайтын құжаттардың көлемі жеткілікті. Талапкерлер сол дәлелдемелерді Нью-Йорк алқабилер сотының назарына ұсыну мүмкіндігін асыға күтуде, деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің консультанты – «Boies Schiller Flexner LLP» серіктесі Мэттью Шварц.

Дереккөз:baq.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив