KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Күршімдегі ауыл тұрғындары ауызбіршілік танытып жатыр

27.08.2020, 04:56 329

Күршім ауданы Боран  ауылының патриот азаматы Гүлшат Абзалханқызының ұсынысымен бүкіл әлемді шарпыған пандемияға байланысты жерлестеріне арналып үндеу жолданған болатын. 

Осы үндеуге Марқакөл өңіріндегі Боран ауылының мейірімді, қолдары ашық азаматтары дереу үн қатып, бір тәулікке жетер-жетпес уақытта 271 мың теңгеден астам қаражат жиналып, осы аппаратты жеткізетін «Елім-ай» қайырымдылық қорының есеп-шотына аударылған. Қайырымдылық қоры халықтың жинаған қаражатына алынатын аппараттан бөлек Жиделі ауылына қор есебінен тағы бір аппарат бөлуге шешім қабылданады. Бүгінде   көптен күткен сол аппараттар шалғай ауылға да келіп жетті. Гүлшат Абзалханқызы Өскемен қаласына барып « Шұғыла» қайырымдылық қорынан өз қолымен  қабылдап алып, ауылға жеткізген.  

Соның ішінде, 50 мың теңге қаржатын қосқан Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Айтолқын Бақытбекқызына да ауылдастары дән риза.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу