KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» адалдық сағаты өткізілді

23.07.2020, 06:08 217

ШҚО-да «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» адалдық сағаты өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биыл әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы екені белгілі. Осы орайда  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыстағы өкілдері онлайн форматта «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» атты адалдық сағатын өткізді.

Мемлекетті күшейтіп, тәуелсіздікті қорғайтын қоғам қандай болуы керек? Кемеңгер тұлға Әл-Фарабидің ізгілікті қоғам құру жөніндегі идеялары – өркениетті мемлекеттің  үлгісі, нақ өлшемі. Сондықтан ұлы ғұламаның еңбектері арқылы қоғамда әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын дәріптеу біздің басты мақсатымыз, – дейді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің мамандары.

Акция онлайн форматта болғандықтан Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің қолдауымен «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетілді. Сондай-ақ бейне-дәрістер Агенттіктің Youtube парақшасына жүктеліп, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, өңірлік ақпараттық-ағартушылық топтың, облыстағы барлық мемлекеттік мекемелердің  әлеуметтік желілеріне жарияланды. «Алтай», «Қазақстан-Семей», «Алва ТВ» телеарналары арқылы аймақтағы көрерменнің де көзайымына айналды деуге болады.

Онлайн форматта өткен «Адалдық сағатының» бірнеше артықшылығы болғанын айта кету ләзім:

Біріншіден, арнайы әзірленген бір ғана бейнеролик арқылы барлық әлеуметтік топ өкілдері  қамтылған. Нәтижесінде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделді.

Екіншіден, әлеуметтік желі қолданушыларымен тиімді кері байланыс орнатылды.

Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын ғұламалардың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу