"Енді уақыт жоғалтпаймыз". ШҚО әкімі татар дәрігерлерінің үлгісі бойынша әрекет етуді тапсырды
![](/kz/uploads/posts/iblock/47a/47a87babfa84ca57e2dea3e360cf2702.jpeg)
Коронавирусты анықтайтын ПТР-зерттеулер нәтижелерінің кешіктірілуіне байланысты ШҚО әкімі Даниал Ахметов дәрігерлерге татар әріптестерінің үлгісі бойынша әрекет етуді тапсырды.
- Енді уақытты жоғалтпай, ковидті белгілері бар келушілерге бірден рентген немесе компьютерлік томографияны жасайтын болды. Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл жерде "алтын сағат" ережесі жұмыс істейді яғни науқасты тез арада емдеуді бастап, оның ауыр хәлге түсуіне жол бермеу, - деп атап өтті Даниал Ахметов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан медициналық мекемелерінің бас дәрігерлеріне үйде коронавирусты қалай емдеу керектігі туралы ақпаратты қамтитын қарапайым және түсінікті жадынама әзірлеуді тапсырды. Бұл - жеңіл форманы диагностикалайтын және стационарға жатудың қажеті жоқ пациенттерге арналған құжат. Мұндай тәжірибе екінші толқын кезінде өзін-өзі емдеудің теріс нәтижелерін болдырмауға көмектеспек.
⠀
Одан бөлек, ШҚО әкімі Татарстанмен дәрі-дәрмек жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғанын да атап өтті.
- Осы құжатқа сәйкес облыс жарты жылға дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жақын арада тағы үш ПТР-зертхана сатып алынады, - деді ол.