KZ
Өскемен
-32°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

Шығыс Қазақстанға 154 оттегі концентраты жеткізілді

20.07.2020, 08:45 119

Коронавирустық түрдегі пневмониясы бар науқастарды емдеу үшін қажетті жабдықтар өңір аудандары мен қалаларына бөлінеді.

Концентраторлар оттегімен емдеу кезінде қажет - науқасқа атмосфералық ауаға қарағанда жоғары концентрацияда оттегі көбірек беріледі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, 154 аппараттың бірінші партиясы облыстық бюджет есебінен сатып алынып, Өскеменге жөнелтілді.

- Тәжірибе көрсеткендей, коронавирустық түрдегі пневмонияны емдеудің ең маңызды факторларының бірі - оттегі терапиясы. Ылғалданған оттегінің тұрақты берілуі науқастардың денсаулығына оң әсер етеді, - деді Илияс Тұңғышқанұлы. - Өңірде аурудың өсуі мен оттегіні гиперптұтыну салдарынан концентраторлардың жетіспеушілігі болғаны рас.

Сонымен қатар, тағы 125 құрал облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының демеушілік қаражаты, 85 жеке демеушілер есебінен сатып алынды, BI Group холдингінен 100 құрал және 133 аппарат облыстық бюджет есебінен жеткізіледі деп күтілуде. Тамыз айында Шығыс Қазақстанда 600-ге жуық оттегі концентраты болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу