KZ
Өскемен
-29°
туман Штиль
511.18 530.6 5.28

ШҚО-да коронавирустан көз жұмған дәрігердің әйелі жолдасының ерлігі туралы айтып берді

17.07.2020, 11:51 61

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан қаза тапқан кардиологтың отбасына жанқиярлық ерлігі үшін алған "Барыс" ордені табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Бекжан Болановтың артында екі баласы қалды, кішісі небәрі бір жарым жаста. Марқұм кардиолог елімізде індет басталған бірінші күннен-ақ қауіп-қатерге қарамай өз қызметін тиянақты атқарған.

"Маусым айының басы болатын, оларда ковидпен ауыратын науқас анықталды және барлығын өзін-өзі оқшаулауға жіберді. Содан ол үйге келіп, 2 күн ғана болды, ПТР-ға талдауы да көп кешікпей шығып, нәтижесі – теріс болды. Оның орнынан ұшып тұрып, «мен жұмысқа барамын» дегенін көрсеңіздер ғой. «Бекжан, жұмысқа барма!» дедім, мүмкін бұл өзімшілдік де болған шығар, бірақ мен мұны әйелі ретінде айттым. Ал ол маған "анда менікілірдің жағдайы қалай?!" деп жауап берді, қысқа ғана сөз. Ол әрдайым алдыңғы қатарда болды", - деді кардиохирургтың жұбайы Алма Боланова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу