Семейдегі Жастар орталығы еріктілер іздеп жатыр
Семейдегі Жастар орталығы еріктілер іздеп жатыр. Бұл туралы Жастар ресурстық орталығының әлеуеттік желідегі ресми парақшаларында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Бос уақытты тиімді пайдаланып, бізбен бірге өзіңе қызықты, қоршаған орта мен қоғамға пайдалы жобаларды іске асырғың келсе, бізге қосыл, - деп жазылған орталықтың хабарламасында.
Орталық мамандарының сөзіне сенсек, еріктілер үшін «Асыл мұра», «Таза әлем», «Сабақтастық» және «Қамқор» республикалық жобалары аясында бірнеше тың жоба жоспарлануда. Жобалар табиғатты қорғау, экологиялық мәселелерді шешу, ескерткіштерді сақтау, археология, балалар үйіндегі балалар мен жалғызбасты қарттарға қолдау көрсету сынды бағыттарды қамтиды. Сондықтан еріктілер жылын пайдалы іспен есте қалдырғығыз келсе, 8-700-300-50-94 нөміріне хабарласуыңызға болады.