Коронавирус жұқтырғандардың саны 5,5 мыңнан асып кетті
![](/kz/uploads/posts/iblock/3e1/3e1262bc65591f61c58b0c2c29e6764a.jpg)
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 154 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, аурудың таралуы 2,8 пайызды құраған:
Ақтөбе облысы - 8 (4,5 %),
Алматы облысы - 7 (3,8 %),
Атырау облысы - 25 (5,8 %),
Шығыс Қазақстан облысы - 3 (0,5 % ),
Жамбыл облысы - 1 (0,5 %),
Батыс Қазақстан облысы - 6 (2,3 %),
Қарағанды облысы - 4 (2,0 %),
Маңғыстау облысы - 8 (6,2 %),
Павлодар облысы - 1 (0,6 %),
Түркістан облысы - 6 (3,2 %),
Алматы қаласы - 50 (3,1 %),
Нұр Сұлтан қаласы - 30 (2,7 %),
Шымкент қаласы - 5 (2,0 %).
Жалпы ел аумағында вирус жұқтырған науқастардың саны – 5571 адам, вирустан жазылғандар - 2408.