KZ
Өскемен
-4°
снег жел 9 м/с, Ю
521.81 543.67 5.05

ШҚО-да «коронавируспен ауырмаған аудан» қалмады

25.06.2020, 06:10 137

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Инфекция бүкіл аймақта таралуда және қазір коронавирустық инфекция тіркелмеген аудан қалған жоқ. Ауру халықтың барлық топтары арасында тіркелген, бірақ негізінен жұмысқа үнемі баратындар арасында (43%) көрсеткіш көп. 507 жағдайы 30-ы сырттан келсе, 477-сі ел ішінде ауырған адамдар саны, - дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сонымен қатар басқарма басшысы жағдай оңалмаса, басқа ауруханалардың есебінен инфекциялық ауруханалардағы төсек орындарын көбейту қажеттігін айтып отыр.

- Медицина қызметкерлеріне жүктеме артып келеді. Егер жағдайы тұрақталмаса, біз басқа ауруханалардың есебінен төсек орын санын көбейтуіміз керек. Негізгі санитарлық талаптарды пысқырмау, теріске шығару - аурудың одан әрі таралуына себеп болады. Біз тек бірге індеттің таралуын тоқтата аламыз. Ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, сақ болыңыздар және қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. Call-орталықтың телефондары: 701-131 және 1406, - дейді Ілияс Мұхамеджан.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу