KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да сорттары бірдей қарақұмық неге әр түрлі бағада сатылған?

26.05.2020, 05:20 188

ШҚО Бәсекелестікті дамыту және қорғау комитетінің департаменті қарақұмық жармаларын сатушы «Вертекс-Восток» ЖШС-ның әрекетінен заңсыздық байқаған.  Себебі өндіруші белгісіз себептермен әр тұтынушыға өз өнімінің құнын өзгертіп, сатып отырған. 

Атап айтқанда, осы жылдың наурыз-сәуір айларында қарақұмық өндірушісі кейбір тұтынушыларға дақылды басқаларына қарағанда әлдеқайда қымбат бағамен сатқаны белгілі болды. Ал қарақұмықтың маңызды әлеуметтік өнім ретінде сатып алу бағасы өскен жоқ.

- Үстемдікке ие нарық субъектілерінің тиісті тауарлар нарығына қол жеткізуді шектейтін немесе нарық субъектісінің және тұтынушылардың құқығын бұзатын әрекеттеріне тыйым салынады. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы орган «Вертекс-Восток» ЖШС-на үстем жағдайды теріс пайдалануды тоқтату қажеттілігі туралы ескерту хатын жіберді, - деп хабарлады ШҚО Бәсекелестікті дамыту және қорғау комитетінің департаменті.

Енді жағдайды түзету үшін қарақұмық өндірушісі ескерту алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде бағаны тұрақтандыруы қажет. Әйтпесе, айыппұл арқалауы мүмкін.

Айта кеетік, «Вертекс-Восток» ЖШС-ның нарықта салмақты үлесі бар. Өскемендегі қарақұмықтың үштен бірін немесе 35 пайызын аталмыш компания сатып, пайда табады. Ал одан тағы бірнеше сатушы алып, тұрғындарға сатылады. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив