KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Елімізде қант жыл басынан бері 86,6% қымбаттады

12.08.2022, 15:24 191
Жұмыс істеп тұрған қант зауыттарының өндірістік қуаты шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіліп, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басынан бері қант бағасының өсуі 86,6% болды (2021 жылдың сәйкес кезеңінде – 11,9%). Бүгінде қант бағасының өсу қарқыны төмендеді, бірақ өсу динамикасы сақталып тұр. 2022 жылғы шілдеде бөлшек сауда бағасының өсуі 5,3% деңгейінде болды.ҚР БҚДА баспасөз қызметі

Қазақстанда қант өндірудің негізгі көлемін екі аймақта орналасқан төрт қант зауыты жүзеге асырады:

Жамбыл облысында – «Тараз қант зауыты» (қант құрағынан өндіру) және «Меркен қант» ЖШС (құрақ + қызылша);

Алматы облысында – «Көксу қант зауыты» ЖШС (қамыс + қызылша) және «Ақсу Кант» ЖШС (қызылша).

Жұмыс істеп тұрған қант зауыттарының өндірістік қуаты шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіліп, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. Отандық шикізаттың да, импорттық шикізаттың да тапшылығы импорттық шикізатты сатып алу үшін қажет зауыттардың айналым қаражатының жеткіліксіздігінен дамыды.ҚР БҚДА баспасөз қызметі

Зауыттардың пікірінше, бұл мәселе валютаның құбылмалылығымен, логистикалық шығындардың өсуімен, шикізат бағасының өсуімен асқынып, қолда бар қуатты толық пайдалануға кедергі жасайды.

Қант зауыттарының шикізатты сатып алуы тапсырыс берушілер (көтерме сатып алушылар) есебінен жүзеге асады. Елде өндірілетін қанттың негізгі көлемін ірі көтерме жеткізуші сатып алды, ол Қазақстанда өндірілетін қанттың 90%-ына келісімшартқа отырды.

Көтерме сауда нарығына жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, көтерме жеткізушінің әрекетінен тауардың айналымнан алыну белгілері байқалады, соның салдарынан қант бағасы көтерілді. Бұл ретте басқа өңірлік көтерме жеткізушілер мен бөлшек сауда желілерінің өндірілген қантына қол жеткізу шектелді.ҚР БҚДА баспасөз қызметі

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге және жоюға әкелген немесе әкеп соқтыратын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады.

Агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі бойынша тергеу тағайындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив