KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
515.31 533.96 5.3

Теңге 25 мамырдан бастап нығая түседі

21.05.2020, 04:19 191

Қазақстан қор биржасының (KASE) төрайымы Алина Алдамберген теңгенің қалай нығайып жатқанын айтты. Сондай-ақ маман ұлттық валютаның болашағына болжам жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қаңтар-ақпан айларында курс тұрақты, ал наурызда құбылмалы болды. Сондықтан сұранысты теңестіру, бағаны анықтау үшін бізге  «Франкфурт аукционын» қолдануға тура келді. Алайда 1 мамырда теңге жыл басынан бері 10,5 пайызға құлдырады. Ал қазір теңгенің нығайып келе жатқанын көріп отырмыз», - KASE төрайым.

Оның айтуынша, көктемнің басында теңге бағасының төмендеуі арзандауы нарықтағы мұнай бағасының ауысуына байланысты болды.

«Бір жағынан, бұл карантинге, әрі экономикалық белсенділіктің төмендеуіне байланысты болды. Біз дер кезінде қолдау шаралары жасадық. Ұлттық компанияларды жұмылдырдық. Яғни олар табыстың бөлігін валюта нарығында іске асырып жатыр. Одан әрі Ұлттық банк те наурыздағыдай нарықтың тұрақты болуына көмектесе алады. Ұлттық қорда трансфер ұлғайды», – Алина Алдаберген.

Маман валюталық нарықта жағдай тұрақты, сондықтан бірінші тоқсан бойынша салықты төлеу кестесі 2020 жылдың 25 мамырында аяқталса, теңге нығая бастау керек деген болжам жасады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу