KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 2 м/с, З
519.28 540.05 5.31

ШҚО-да дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ 

Бүгін, 10:30 64 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында амбулаториялық және стационарлық емдеуге жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев облыстық әкімдік отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

– Қазіргі уақытта облыста амбулаториялық және стационарлық емдеуге арналған 500 мың дана дәрі-дәрмек қоры бар. Жаңа партияларды сатып алу процесі жалғасуда, барлық қажетті дәрілер қолжетімді, ал таңбалау жүйесі жолға қойылған, – деп атап өтті Төлеген Жігітаев. 

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және олардың қолжетімділігі мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, бұл қазіргідей елде вирустық аурулар өсіп отырған кезеңде маңызды. 

– Елдің кейбір өңірлерінде дәрі тапшылығы байқалып отыр, сондықтан біз үшін халықты қажетті дәрілермен толық қамтамасыз ету аса маңызды. Тұрғындар сапалы әрі тиімді препараттарға қол жеткізуге тиіс, – деп атап өтті облыс әкімі.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу