KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 5 м/с, СБ
519.28 540.05 5.31

ШҚО әкімі: «Әр аудан басшысы қанша салық түсетінін бағамдап, ағымдық ахуалды біліп отыруға тиіс»

Бүгін, 12:59 93 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстанның экономикасының 40 пайызын өнеркәсіп орындары құрайды. Әр аудан басшысы сол саланы зерттеп, қанша салық түсетінін бағамдап, ағымдық ахуалды біліп отыруға тиіс екендігін облыс әкімдігінде өтіп жатқан жиын барысында өңір басшысы Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Жобалардың қарапайым халыққа тигізер пайдасы қандай? Үкіметтің ақшасын сапалы жұмсау қажет. Іске асырылатын жоспарлардың қандай тиімділігі бар? Осы сұрақтарға жауап бере аласыздар ма?! - деді Ермек Көшербаев.

Үкімет резервінен бөлінген 19,2 млрд. теңге толық көлемде игерілді. Бұл туралы қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакова мәлім етті. Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен Риддер ЖЭО жөндеуге - 7,4 млрд. теңге, Гематология орталығының құрылысына – 4,0 млрд. теңге, жаңадан құрылған Марқакөл ауданы мен Катонқарағай ауданындағы әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуге – 3,8 млрд. теңге, медициналық пунктер салуға – 3,8 млрд. теңге жұмсалғанын айта кету керек.

– Өскемен қаласының 20,25,27 тұрғын аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу бойынша 2024 жылы Ұлттық қордан толық пайдалануға рұқсат етілген 841,2 млн. теңге сомасында трансферттер игерілді, - деді Светлана Большакова.

Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу