Қатарынан үш күн жаңбыр жауады – Қазгидромет
Синоптиктер 19-21 мамыр аралығында күн райы қалай болатынын болжады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидрометтің» деректеріне сүйенсек, ел аумағында үш қатарынан жаңбыр жауады.
– Алдағы тәуліктерде солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол түседі. Кейбір аймақтарда жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, – мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Мамандардың айтуынша, жауын-шашын Өскеменге 20 мамырда келеді. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 26-28 градус нөлден жоғары болады.
Оқи отырыңыз