Рұқсатнаманы ruksat.e-vko.kz порталы арқылы тізім бойынша алуға болады
![](/kz/uploads/posts/iblock/7ca/7ca0dd2bec435b6cee10c2a43b0c76a9.jpg)
Өскемен мен Семей тұрғындары бұрын берілген рұқсатнамаларды мамыр айында қолданады
Өскемен мен Семей қалаларында бұған дейін әр отбасына берілген жасыл және ақ рұқсатнамалар мамыр айында да жарамды деп танылды.
Естеріңізге сала кетейік, жасыл рұқсатнамамен жұп күндері, ақ рұқсатнамамен тақ күндері шығуға болады. Қала тұрғындары рұқсатнаманы дүкенге, дәріханаға, банкке немесе жұмысқа баруға пайдалана алады.
Сондай-ақ 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында Өскемен мен Семейде бұған дейін автокөлік жүргізушілеріне берілген рұқсатнамаларды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Енді автокөлік иелеріне қызыл және көк рұқсатнамалар беріледі. Рұқсатнаманы ruksat.e-vko.kz порталы арқылы тізім бойынша алуға болады.
Қызыл рұқсатнамалар тек қана қала тұрғындарын керекті дүниемен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарға (аурухана, дәріхана, азық-түлік дүкендері мен көше тазалаушы мекемелерге) беріледі. Сондай-ақ қаладағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлеріне және компания жұмысын күнделікті қамтамасыз етіп отырған азаматтарға (директорларға, басшыларға, аға инженерлерге, жер телімінің басшыларына, кәсіпорын қызметкерлеріне, күзетшілерге) беріледі.
Көк рұқсатнаманы күнделікті қала ішінде жүру бағытын ұсынған кәсіпорындар мен заңды тұлғалар (қоғамдық көліктер, компания қызметкерлерін тасымалдайтын және тауар тасылмалдайтын көліктер, жеке кәсіпкерлердің көліктері) ала алады.