KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.97 537.8 5.25

Алтай тұрғындары саяжай мен омартаға бара алады

17.04.2020, 10:56 110

Алтай қаласының тұрғындары шектеу шаралары кезінде саяжайлар мен омарталарға бара алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Саяжай мен омарта қала аумағында орналасқандар үшін бұл жеңіл болса, қала сыртына шығуға арнайы рұқсат алу қажет болады.

Алтайдың саяжайлары негізінен қаланың аумағында орналасқан. Бірақ бақылау-өткізу пункттері қалаға жақын тұр, саяжайларға жету үшін пункттен өту қажет. Тұрғындар осы жағдайға қатысты алаңдап отыр.

Осыған орай ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары қала сыртына шығатындардың тізімін жасап жатыр екен. Бұл тізім блок посттарға беріледі. Тізімге кіргізілгені туралы ақпаратты тұрғындар бау-бақша қоғамдастығындағы басшылықтарынан біле алады.

Сондай-ақ, саяжайға достарын не көршілерін бірге алып жүруге болмайтыны және өз көлігімен жету қажет екені ескертіледі.

Омартасы бар тұрғындар ауылдық округтің не кенттің әкімдігіне хабароласып, арнайы анықтама қағазын алуға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу