KZ
Өскемен
-16°
ясно жел 2 м/с, СБ
530.24 543.97 5.16

Сәуірдің ортасында күн суытады

1.04.2020, 11:05 224

Шығыс Қазақстан облысында сәуір айында жауын-шашын мол түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айдың басында аймақтағы ауа температурасы күндіз +7 және +18, ал түнде -5 пен +5 градустың аралығында болады. Алғашқы онкүндіктің ортасына қарай күн салқындап, сынап бағанасы күндіз +2...+10 градус аралығында болса, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Осыдан кейін күн тағы суытады: ай ортасынан ауғанда және 25-26 күндері. Ауа температурасы күндіз 2-13 градус жылы, түнде -3... +7 градус аралығында болады.

Сәуірдің орта шенінен бастап аймаққа жылы ауа массалары келеді. Айдың соңына қарай 17-22 градусқа дейін күн жылынады.   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу