Қар күреуге қосымша қаражат бөлінеді – Өскемен
Өскемен көшелеріндегі қарды күреу үшін қосымша қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Instagram парақшасында жазды.
– Биыл қар екі есе көп түсті. Сол себепті қала әкіміне қарқынды түрде жұмыс істеуді тапсырдым. Қажет болса, қосымша қаражат бөлеміз, – деп жазды аймақ басшысы.
Жалпы қала әкімдігінің мәлімдеуінше, күн сайын 60 техника мен 100 жұмысшы қар күреуге жұмылдырылады. Ал қар толассыз жауған кездерде, жүзден астам техника аусыммен жұмыс істейді екен.
Оқи отырыңыз