KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, СБ
521.6 534.27 5.25

Екі жастағы қыз Facebook арқылы анасын өлімнен құтқарып қалды

18.02.2020, 03:43 234

Англияның Дорсет графтығындағы Пул қаласында екі жасар қыз зеректігі мен қағілездігінің арқасында анасын өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің мәлімдеуінше, бұл туралы Daily Mirror жазған. София Мизен есімді екі жастағы балақай анасы Самантаға ұстамамен ауырған кезде дереу көмекке келді. Қолына анасының смартфонын алып, анасының саусағын экранға басып, телефонды блоктан ашады. Содан соң София Facebook мессенджері арқылы әжесі Дебби Бейкерге видеоқоңырау шалып, еденде жатқан анасын көрсетеді. Бейкер жедел жәрдем шақырған. 
София төрт жасар ағасы Итанмен бірге дәрігерлерді күтіп алады. Анасы ауруханаға жеткен соң ішек инфекциясымен бұрыннан ауыратын белгілі болған екен. Саманта емделіп, аман-есен үйіне келеді. 

«Мен Итанға мұндай жағдайларда не істеу керек екенін үйретіп қойғанмын. Сондықтан сол көмектесетін шығар деп ойлағанмын. Ағасына үйреткен кезде Софияның жаттап алатыны ойыма да келмепті», – деп жазды Саманта.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу