KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Өскеменде әуесқой командалар арасында шағын футболдан жарыс өтеді

7.07.2022, 09:26 311

Өскеменде әкімнің жүлдесіне арналған "ALTAY CHAMPIONS CUP" чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш бәсеке 8-10 шілде аралығында облыс орталығындағы  Чехов көшесі, 70А мекенжайында орналасқан "Алтай" стадионында өтеді. Бұл чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 16 команда қатыспақ.

-        Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді "ALTAY CHAMPIONS CUP" орасан зор және қызықты Қала чемпионатына қатысуына шақырамыз. Чемпионаттың жүлде қоры 800 000 теңге. Шілде айының 8-і күні, сағат 15.00-де басталады, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Қосымша ақпаратты +77071734245 байналыс нөмірі арқылы біле аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу