Ең керекті жерлерге екі бағдаршам орнатылады - Өскемен
Өскеменнің сол жағалауындағы көшелерге бағдаршам орнатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімдігі сол жағалаудағы жол қозғалысын реттеу мәселесін қолға алмақ. Осы ретте Рейша көшесі мен Самар тасжолының қиылысына («Восток Молоко» кәсіпорынының маңында), сондай-ақ Базовый көшесі мен Самар тасжолының қиылысына (Сол жағалауға бұрылатын тұс) бағдаршам орнатылады.
Оқи отырыңыз