ШҚО-ның шалғай екі ауданында кардиоорталық ашылады
Шығыс Қазақстан облысының екі ауданында кардиологиялық орталық ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа медициналық мекемелердің құрылысына байланысты жоспарларымен бөлісті. Аймақ басшысының айтуынша, алдағы уақытта екі шалғай ауданда кардиологиялық орталық ашу жсопарда бар.
– Биыл алдымызда Аягөз және Алтай қалаларында кардиоорталықты ашу міндеті тұр. Өскемен мен Семейдің ғана емес, Үржар, Тарбағатай, Аягөз сынды алыс аудандардың тұрғындары үшін де жоғары дәрежелі медициналық көмек қолжетімді болуы тиіс, – деді Даниал Ахметов Қоғамдық кеңес алдындағы есепті кездесуінде.
Оқи отырыңыз