KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда қар үйіліп жатыр - Өскемен

16.01.2020, 11:15 117

Өскеменде жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың жиегінде қар үйіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Иә, шаһар тұрғындары қала билігіне наразы. Өйткені жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың маңындағы қар, ересек адамның бойынан асады. Тіпті белгіге тақап қалған. Яғни жүргізуші жаяу жүргіншілерді, ал жаяу жүргінші жүргізушілерді көрмейді.


- Иә, ешкім шығармайды, себебі бұған ақша кетеді ғой. Ал биліктегілер мен мердігер компания қар еріп кетер күнді күтіп жүр. Адам өмірі ешкімді алаңдатпайды, - деп күйінді тұрғын Наталья Очаковских.

- Балаларды мүлдем көрмейсің, - дейді тұрғын Руслан Аубакиров.

Иә, баласының өміріне алаңдайтын ата-аналар жетіп артылады. Бірақ қанша шырылдаса да баяғы жартас сол жартас. Айтатын адам табылады ғой, бірақ тыңдайтын құлақ қайсы?

- Назарбаев-Мостовая қиылысында да осы мәселе. Әкімдік күнде шығарамыз деп уәде береді. Бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Жаяу жүргіншілер де көрінбейді, - дейді «levla9541» әлеуметтік желі қолданушысы.

Осы сұраққа қатысты қалалық әкімдікке хабарласқан болатынбыз. Мың сұраққа бір ғана жауап естідік.
- «Ескертіп айтамыз, шығарылады», - деген. Ендеше, күтуден басқа амал жоқ.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив