KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 4 м/с, В
518.14 537.57 5.27

Құлаған ұшақтағы батыр жігіт марапатталды

2.01.2020, 09:21 101

Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде денесімен аяғы ауыр әйелді жауып қалған жігіт марапатталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
 
23 жастағы Темірлан Қадауовқа бүгін арнайы медаль табыс етті.


Алматы полиция департаментінің басшысы генерал-майор Серік Күдебаев оның кеудесіне "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалін тақты.  

Ол төтенше жағдайда ерлік көрсетіп, денесімен қасында отырған аяғы ауыр әйелді жауып қалды. Сонымен қатар, ол алған жарақаттарына қарамастан жедел қызмет өкілдері келгенше басқа жолаушыларға көмектесті. Темірлан Қадауов бұл наградаға лайық. Бірінші кезекте, бұл - халықтың атынан айтылған алғыс, - деді департамент өкілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу