Қ.Тоқаев құжатын ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауды тапсырды
Қазақстанда жүргізушілер көлікке қатысты көп құжаттың біреуін ұмытып кетсе де, айыппұл арқалайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осы мәселені реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Барлық жүргізушілер жеке куәлік, көліктің техникалық паспорты, жүргізушілік куәлік сынды басқа да көптеген құжаттарды алып жүруге мәжбүр. Ал осылардың бірін үйде ұмытқан болса, жазаланады. Бұл дұрыс емес. Үкімет тез арада бұл мәселені реттеуі тиіс. Қажет болған жағдайда заңнамаға түзету енгізсін, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сондай-ақ мемлекет басшысы аталмыш факті бойынша 11 айдың ішінде 80 мың азамат жазаға тартылғанын атап өтті.