KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

«Әрбір екі аптада кем дегенде бір тіл жойылады» – БҰҰ

18.12.2019, 09:08 64

2019 жыл БҰҰ ұйғарымымен Халықаралық байырғы тілдер жылы болып жарияланған. Жуықта осы жылдың қорытынды отырысы болды. Бұл туралы "БҰҰ жаңалықтары" хабарлады.

БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясының Төрағасы Тиджани Мұхаммед-Банденің айтуынша, әлемде төрт мыңдай байырғы тіл бар. Олардың көпшілігі алдағы он жыл көлемінде жойылып кетуі мүмкін.

«Әрбір екі аптада кем дегенде бір тіл жойылады. Ал айына – екеу. Әлемдегі төрт мыңдай көне тілде әлем халқының 6%-ы сөйлейді», – деген Тиджани Мұхаммед-Банде халықаралық ұйымдарды байырғы тілдерді сақтауға барынша күш салуға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу