KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

"Шаруа қожалықтары өртке сақадай сай болуы керек"

27.04.2020, 09:27 103

Даладағы өрттің шығуына себепкер болған адам әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Төтенше жағдай қызметкерлері шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен кездесіп, қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Қожалықтарда «өрт сөндіру үшін құрылған ерікті жасақ» болуы керегін айтты.

– Көктемде далада қураған шөп, тазаланбаған қоқсықтан өрт көп шығады. Сол себепті шаруа қожалықтарындағы көліктерде ұшқын сөндіргіш пен бастапқы қажетті құрал-саймандар болуға тиіс. Құрал-сайман түгел болмаған жағдайда көлік иесі де, жүргізушісі де жауапқа тартылады. Сонымен қатар өрттің шығуына себепкер болған адам да әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деді Өскемен қаласы Төтенше жағдай басқармасының бас маманы Рауан Әбікенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив