KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да еркін күрестен турнир өтті

15.11.2019, 09:16 111

2019 жылдың 9 қарашасында Мамай батыр ауылында Өмірбек Мұзапарұлын еске алуға орай 2007-2009 жыл аралығында туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еркін күреске республика және облыс бойынша 13 команда қатысты, барлығы 220 спортшы. Балуандар боз кілемде 13 салмақ дәрежесі бойынша сыңға түсті. Шараны Ұлан ауданының әкімі Н. А. Сақтағанов салтанатты түрде ашты. Турнирде қайырымдылық акциясы да өтті. Мұзапаровтар әулеті атынан аз қамтылған алты отбасына көмек көрсетілді.


Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды - Семей қаласы, 2 орын - Өскемен қаласы, 3 орын - Ақмола облысы. Ұлан ауданы қоржынында: 1 - алтын, 1- күміс, 3 - қола медальға толықты. Жүлдегерлер мен топ жарған спортшылардың бапкерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив