KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

ШҚО оқушылары қандай ауа райында мектепке бармайды?

13.11.2019, 05:18 218

Шығыс Қазақстан облысындағы оқушылар қандай ауа райында мектепке бармайтынын Алтайньюс тілшісі хабарлайды.

ШҚО білім басқармасының «қысқы кезеңдегі температуралық режим және сабақтарды ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес, күн райының мынадай жағдайларында  сабақты тоқтатылады.

Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден кем болғанда:

* минус 28°С және одан төмен 1-4 сыныптарда;

* минус 32°С және одан төмен 5-9 сыныптарда;

* минус 34°С және одан төмен 10-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курстарында сабақ болмайды.

 Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден артық болған кезде:

* минус 23°С және одан төмен 1-4 сыныптарда;

* минус 27°С және одан төмен 5-9 сыныптарда;

* минус 29°С және одан төмен 10-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курстарында сабақ тоқтатылады.

 Сонымен қатар мектеп оқушылары мен колледж студенттері ауа температурасы -17°С және одан төмен болғанда кезде, айталық дене шынықтыру пәнінде далаға шықпауы тиіс.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда, көктайғақта және желдің орташа жылдамдығы 39-49 км/сағат болғанда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ өткізуге тыйым салынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив