KZ
Өскемен
снег жел 5 м/с, ОБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да дәрілер рецептсіз сатылуда

30.10.2019, 18:38 113

ШҚО-ның дәріханаларында рецептсіз берілмейтін дәрілер сатылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, қауіпті препарататтар есірткіге тәуелді адамдарға сатылған. Бірқатар медикаменттердің есірткі тәрізді есеңгірететін әсері бар екен. Олар қатаң түрде рецепт арқылы ғана берілуге тиіс. Алайда аймақтағы дәріханаларда бұл талап орындалмайтын көрінеді.

Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша басқармасы рецептсіз дәрі сатудың 16 оқиғасын тіркеді. Заңға бағынбаған кінәлілерге 378 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынған екен. Бұл әрекеттерін қайталаған жағдайда фармацевтикалық қызменһтпен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы тоқтатылатын болады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу