KZ
Өскемен
-10°
туман жел 1 м/с, СШ
498.51 522.84 4.81

Енді мекенжай анықтамасының қажеті жоқ – ІІМ

30.09.2019, 10:15 169

Енді мекенжай анықтамасын алудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мекенжай анықтамасын беру – ең жоғары сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып танылды. ІІМ-ның мәлімдеуінше, ел тұрғындары аталмыш анықтаманы алу үшін жыл сайын 10 мыңнан астам өтініш береді. Осы себепті министрлік азаматтардың тіркеуі туралы деректерді толықтай электрондық форматқа көшірді. Яғни ІІМ өз деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді.

– Қазіргі уақытта кез-келген мемлекеттік мекеме мекенжай анықтамасын талап етеді. Азаматтар үнемі ХҚКО-ға жүгінуге мәжбүр.  Енді осыған бола уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.   Мекенжай анықтамаларын беру толығымен алынып тасталады. Себебі бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың базасында бар. Яғни ІІМ өз деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, – деп мәлімдеді ІІМ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу