Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды
Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.
Шамдарды қаладағы қараңғы көшелерге қою көзделіп отыр. Дулатов көшесінің бойындағы 40-шы мектеп пен Дәстенов көшесіндегі 9-шы мектептің маңына қызыл, ал 47-ші мектеп маңына сары түсті жарықдиодты шамдар орнатылды.
- Егер бұл шамдар жүргізушілер мен тұрғындар үшін ыңғайлы болса, ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы бірнеше мектеп маңайына қоямыз, - дейді әкімдіктегілер.
Оқи отырыңыз