KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,8 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

«Мен сіздерге жүйкемді шығындап, уақытымды жұмсаймын» - Даниал Ахметов

16.10.2019, 11:44 82

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың Денсаулық сақтау басқармасының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы бүгін облыстық әкімдікте өткен кезекті мәжіліс барысында мәлімдеді.

Осы жиында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Райфа Сафиоллинова «Медициналық туризм» тақырыбында баяндама жасаған еді. Баяндамада Катонқарағай ауылындағы аудандық аурухананың базасында «Алтай» курортын құру мен Алакөл көлінің емдік қасиеттерін зерттеу бойынша сөз қозғалды.

Райфа Сафиоллинованың айтуынша, қазір «Алтай» курортын құру жобасы жүзеге асырылуда екен. Жобаның басты мақсаты – панта және шөппен емдеу, халық медицинасын қолдану арқылы сауықтыру туризмін дамыту. Алайда осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар аймақ басшысының көңілі толмайтын көрінеді.

Даниал Ахметов атқарылатын іс-шаралардың нақты жоспары мен жеке бағдарламасы әлі де құрылмағанын алға тартты. Ол басқарма өкіліне бұл олқылықтың орнын толтыруды тапсырып, 1 желтоқсанға дейін уақыт берді.

-  «Алтай» курортын құру туралы мен қаңтар айынан бері айтып келемін. Үнемі басшыларды сынға алумен ғана айналыспаймын ғой. Мен сіздерге жүйкемді шығындап, уақытымды жұмсаймын, үнемі ынталандыруға тырысамын. Өйткені сіздерде зор әлеует бар екенін көріп отырмын. Мен мұны тоқтататын болсам, демек ол басшымен бұл туралы енді сөйлеспеймін деген сөз. Сондықтан соңғы қоңырауды күтпей,  айтылған бағытта белсенді жұмыс істеу қажет, - дейді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив