Шығыстағы әскери бөлім Халық қаһарманының есімімен аталады
Өскемендегі №27943 әскери бөлімі Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың атын алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Бөлімге батырдың атын беру туралы ұсыныс бөлімнің командирі Бегімбет Тәжібаев бастаған әскери қызметкерлер, қаладағы депутататтар және «Қасым Қайсенов» қорының тарапынан облыстық ономостикалық отырыста бірнеше жыл айтылып келген еді. Ақыры республикалық ономостикалық комиссия бұл ұсынысты мақұлдады. Отан қорғаушылардың есімдерін мәңгі есте қалдыруға бағытталған идея Қорғаныс министрлігінің тарапынан да қолдау тауып отыр.
Айта кетейік, бұдан бөлек Ұлан ауданының орталығы мен Зайсандағы шекара заставасы Қасым Қайсенов есіміміен аталады. Сондай-ақ облыс орталығында батырдың атында көше мен ескерткіші бар.