Мен жастарға сенемін – Облыстық театрда жаңа маусым
Облыстық драма театрдың ұжымы – Қазақ, Орыс, Жастар труппалары кезекті жазғы демалыстан соң, маусымдық ашылу салтанатына дайындық үстінде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Биылғы Театр маусымында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлы Абай мұраларын, тәрбиелі тағылымдарын жастардың санасына сіңіру мақсатында, сондай-ақ «Жастар жылына» орай, Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің болашағы ретінде «Мен жастарға сенемін» деген айдармен ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 4-ші қазанында, сағ. 18.30-да өтеді. Құрметті патша көңілді көрермендер!
Театрдың баспалдағынан басталатын, үш труппаның күшімен дайындалған кешке келіп, жұмыстан кейін демалып, әсем кештің, театрландырылған көріністердің куәсі болуға шақырамыз!" – деп жазды фейсбук парақшасында театрдың әдеби қызметкері Шолпан Лақаева.